Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім басқаға кетсе де, ажырасқым келмейді": Қазақстандық заңгер некедегі жұптардың құқықтары туралы айтты

Legalman заң консультанттар палатасының мүшесі Алена Дуля егер некеде азамат өзгеге кетіп, ажырасуға шешім қабылдаса, екінші тараптың балаларға байланысты айрылысудан бас тарта алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап.

Заңгер Алена Дуля күйеуі жас әйел тауып алып, ажырасуға ниеттенген азаматтың жарына кеңес айтты. Маманнан көмек сұраған келіншек екі ұлының барын, кішісі 3 айлық болғандықтан жұмыс істей алмайтынын жеткізді. Балаларымды қалай асыраймын деген әйел мұндай жағдайда ажырасқысы келмейтінін айтты. 

Маман әйелге мұндай жағдайда заң бойынша алименттік көмек ала алатынын, тіптен кішкентайларының жас шамасына орай ажырасудан бас тарта алатынын ескертті.

“Әрине, сіз баланың бір жасқа толмағанын негіздей аласыз. Заңда жүктілік кезінде немесе бала бір жасқа толғанға дейін жұбайының келісімі болмаған жағдайда некені бұзу туралы шешім қабылданбайды. Дегенмен, сіз 18 жасқа толғанға дейін алимент өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқығыңыз бар. Мұндай өтінішті некеде де, ол бұзылғаннан кейін де беруге болады. Алимент осындай өтініш берген күннен бастап өндіріп алынады. Өндіріп алу туралы ұйғарым 5 күн ішінде шығарылады және оны дереу соттың өзі орындауға жібереді. Сондай-ақ, жұбайы бала 3 жасқа толғанға дейін оларды асырау үшін алимент өндіру туралы сотқа жүгінуге құқылы. Іс соншалықты тез қаралмайды. Бірақ мұндай талап әрдайым қанағаттандырылады”, – деп жауап Алена Дуля. 


Талқылау