Күйеуі тамақ әзірлемеген әйелінің қолын шауып тастады
Кенияның 50 жастағы тұрғыны күйеуімен жанжалдасып, нәтижесінде қолынан айырылған. Себебі, әйелі күйеуінің өтініші бойынша түскі ас дайындамапты.
50 жастағы әйел танысының жерлеу рәсімінен келген соң ашулы әрі аш күйеуіне тап болған. Содан кейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал туып, нәтижесінде күйеуі әйелінің ішіне жарақат келтіріп, қолын қылышпен кесіп тастаған, деп хабарлады Mirror басылымы.
Оқиғадан кейін жауыздықтың құрбаны болған әйел бірден медициналық көмекке жүгініп, қазір Мигори ауруханасында емделіп жатыр. Зардап шеккен әйел полицияға күйеуінің ұзақ жылдар бойы ұрып-соғып келгенін, бірақ соңғы жанжалда жұбайының шектен шыққанын айтқан. Алайда, күйеуін дереу қамауға алу туралы талабын орындауға полиция қызметкерлері асығар емес. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жауыз күйеуі әлі де бостандықта жүр. Белгісіз себептер бойынша биліктегілер оны тұтқынға алмаған.
Жіберіп алмаңыз:
Ер адам балалы болу үшін 60 келіге жуық салмақ тастаған
«Аллаһу акбар» деп шоқынған христиан елді таңғалдырды (видео)
Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)
Төрт жасар темекі тартып отырған бала желі қолданушыларын шошытты (видео)