Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт жасар темекі тартып отырған бала желі қолданушыларын шошытты (видео)

Емін-еркін темекі тартып отырған төрт жасар бала қызу талқыға түсті. Желіде тараған видеоның бірінде балақай аяғын айқастырып, темекі тартып, кокос кәмпиттерін жесе, басқа видеодан оның орындықта жатып, темекіні түтіндетіп отырғанын көруге болады.

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қытайдың оңтүстігінде түсірілген төрт жасар баланың темекі тартқан видеосы елдің Wechat жүйесінде қызу талқыға түсті.

Балақайдың көршілері оның бір немесе екі жыл бұрын шылым шегуге әуестенгенін айтты. Енді төрт жасар жеткіншек дүкеннен темекі ұрлауды әдетке айналдырған. Мемлекеттік қызметкерлер баланың үйіне барып, бірге тұратын атасы мен әжесіне ауызша ескерту жасап кеткен.

«Баланың әке-шешесі басқа қалада жұмыс істейді»,- деп түсіндірді Хунань провинциясы, Вэньтянь қаласы басшылығының өкілі Цзэн Сюн.

9 қаңтарда Португалияның Вале-де-Салгейру ауылында католиктердің діни мерекелеріне орай кішкентай балаларға темекі тартуға рұқсат берілгендігі туралы хабар тараған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)

Ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне жылан кіріп кетті

20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді

Алаяқтар Ақтөбедегі трагедияны баю мақсатында пайдаланбақ болды

Талқылау