Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам балалы болу үшін 60 келіге жуық салмақ тастаған

Салмағы 159 килограмм болатын британдық жігіт балалы болу үшін салмағының үштен бір бөлігін тастаған.

Үш жыл бойы әке атана алмай жүрген Лестершир қаласының тұрғыны Дэнни Браун (Danny Brown) дәрігерге қаралған. Дәрігер бала сүйе алмау себебі ең алдымен, семіздікке байланысты болуы мүмкін екенін айтып, оған кемінде 32 кг салмақ тастауға кеңес берген, деп хабарлады Daily Star басылымы.

Содан кейін ғана ерлі-зайыптыларды жасанды ұрықтандыруға жіберетінін айтқан.

«Менің арманым – әке болу еді, бірақ одан ештеңе шықпады. Біздің сәби сүюуімізге менің салмағым кедергі болады ойламаппын», – дейді Браун.

Ол автокөлік жүргізушісі болып жұмыс істегендіктен аз қозғалып, үнемі тез әзірленетін тағамдарды (фаст-фуд) тұтынған. Әдетте Браун таңғы асқа екі бекон, түскі асқа KFC тауықтарын, ал кешкі асқа мейрамханадан қытай тағамдарын жеп жүрген. Сонымен қатар, тапсырысты күту кезінде үнемі екі стақан сыра ішеді екен. Браун жас кезінен биполярлы бұзылыстан зардап шегіп таблеткалардың салдарынан салмақ қоса берген. Оның үстіне, көңілін көтеру үшін көп тамақ ішетінін, сөйтіп белінің өлшемі 142 сантиметрге дейін жеткенін айтады.

Браун өмір салтын өзгертуге бел буып: жылдам дайындалатын мейрамханаларда екі уақыт тамақтанудан бас тартты, алкогольді азайтып, аптасына төрт рет жаттығу залына бара бастады. Екі айдан кейін ол 13 кг салмақ тастап, табиғи жолмен бала сүйген.

Алайда, Браун осы нәтижемен тоқтап қалмай, ақыры соңында 57 кг салмақ тастаған.

«Ұлыңды алғаш қолыңа алу – теңдесі жоқ бақыт, сондай-ақ мен осы сәт үшін барымды салып тырыссам үлкен бақытқа кенелетінімді білдім », – дейді Браун. Ол өзінің жетістігіне табандылығының арқасында жеткенін және кез-келген адам оның үлгісіне қол жеткізе алатынын айтып берді. Жас әке өсіп келе жатқан ұлының алдында абыройлы жүру үшін үнемі спортпен шұғылданып, артық салмақтан арылуда.

«Мен ұлыммен бірге спорттық ойындар ойнап, онымен бірге жүгіріп, секіріп оған үлгі көрсеткім келеді. Мен ұлымның семіз, әрі жалқау әкесімен бірге өскенін және одан ұялғанын қаламаймын», – деп ағынан жарылды Дэнни Браун.

Жіберіп алмаңыз:

Балықшылар абайсызда алты метрлік акуланы аулап алды

«Аллаһу акбар» деп шоқынған христиан елді таңғалдырды (видео)

20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді

Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды

Талқылау