"Қытай шекарасында 14 миллиард доллар "жоғалған": Қазақстандық депутаттар түсініктеме беруді талап етіп отыр
"Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Ержан Бейсенбаев саудадағы импорт көрсеткіштерінде қате барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: russian.news.cn
Депутаттың сөзінше, бюджетті қалыптастыруда Қосылған құн салығы маңызды рөл атқарады.
“Экспортқа Қосылған құн салығы тауардың тағайындалған жерінде, яғни, алушы елдерде төленеді. Одан бөлек, артынша Қазақстан бұл сомаларды экспорттаушыларға біздің бюджеттен қайтарады. Бюджеттің кіріс бөлігін ішкі операциялардан және елімізге келетін тауарлар импортынан түсетін Қосылған құн салығы құрайды. Алайда импорттың едәуір бөлігі Қазақстанға тиісті кедендік ресімдеусіз, экономикалық контрабанда арқылы келеді. Сол арқылы ұлттық экономиканың мүддесі мен бюджет кірісіне зиян келтіреді”, – дейді депутат.
Ержан Бейсенбаевтың айтуынша, ел бюджетіндегі осы "көлеңкелі импорт" бойынша қосылған құн салығының алынбай қалған үлесі 1,5 миллиард доллар.
“Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Қытайға импорттың кедендік статистикасында 13 миллиард 750 миллион доллар болатын рекордтық алшақтық анықталған.
Сарапшылардың бағалауынша, ел бюджетіндегі осы "көлеңкелі импорт" бойынша қосылған құн салығының алынбай қалған үлесі 1,5 миллиард доллар (756 миллион 315 мың теңге). Төленбеген кедендік баж салығын айтпағанда, 850 миллиард теңге”, – дейді депутат.
Аталған жағдайға Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев түсініктеме берді. Оның сөзінше, Қытай тарапы өз статистикасына Қытай-Қазақстан шекарасы арқылы өтетін барлық тауарларды, біздің елі ғана емес, үшінші елдерге арналған импортты да қосады.
Депутат Ержан Бейсенбаев, бюджеттің мұндай шығындарға жол беруіне болмайтынын жеткізді.
Бюджет тапшылығын еңсеру мәселесін талқылау аясында "Ақ жол" партиясы мына үсыныстарды айтты:
Қытайдың кедендік статистикасымен 13,75 миллиард доллар болатын сәйкессіздіктер себебі туралы Үкіметтің ресми ұстанымын беруді. Олардың қай бөлігі әдістемелік ерекшеліктерге, ал қай бөлігі ықтимал "көлеңкелі импортқа" және елімізге кіретін экономикалық контрабандаға қатысты болуы мүмкін екенін анықтау қажет;
Контрабандаға қарсы күресті күшейту және бюджетті толықтыру мақсатында импортты толық пайдалану үшін Үкімет қандай шараларды қолға алмақ? Сонымен қатар сол шаралар нәтижесінде Қосылған құн салығы мен импорттан түсетін өзге төлемдерден мемлекетке қосымша қандай сома түседі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыртқаны импорттауға тыйым салынатыны туралы айтқан едік.