Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қулыққа барған кәсіпкер көп": Қызылорда әкімі "Артспорт" бағдарламасын пайдаланып, мемлекеттен заңсыз ақша алып келген кәсіпкелерге шүйлікті

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев “Артспорт” бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлердің шағымына жауап берді. Президент тапсырмасы лайықты орындалып жатқан жоқ деген кәсіп иелерінің наразылығына өңір әкімі “орынсыз” деп баға берді. Нәлібаев оларды "қулыққа барған кәсіпкерлер" деп айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Қызылорда облысында жан басына шаққандағы қаржыландырумен айналысатын “Артспорт” бағдарламасына қатысты кәсіпкерлерге көп шектеу қойылатыны туралы айтқан еді. Алайда облыс әкімі бұл шағым орынсыз  екенін жеткізді. Нәлібаев керсінше өңірдегі кәсіпкерлікті барынша қолдаймын деді.

“Бізде заңды жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге ешқандай шектеу жоқ. Тек біздің тарапымыздан қолдау ғана болады. Бірнеше рет ол кәсіпкерлермен жиын семинар өткізіп, кәсіптерін кеңейтуін айтамыз. Банктерден несие алып берейік деп, не болмаса бізде Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік коррпорациясы бар. Сол арқылы да көмектесейік, кәсіп ашыңдар деп айтамыз. Оларға барынша жағдай жасап жатырмыз. Өйткені бізге инвестиция ауадай қажет. Ал сізге келіп жатқан ақпаратпен мен келіспеймін. Өзінің жұмысын адал жасап жатқан азаматтарға, болмаса кәсіп ашамын, дамытамын деген азаматтарға ешқандай шектеу жоқ. Болмағанда, болмайды да. Тек қолдау болады”,-деді облыс әкімі.

Әкім өңірде мараторийді пайдаланып мемлекетті алдайтын кәсіпкерлердің көбейгенін жасырмады.  айтуынша, үйірмелерді тек қағаз жүзінде ашып қойған. 

“Өкінішке қарай бәрін кінәлауға болмайды. 2021-2022 жылдары кейбір кәсіпкерлер қазіргі мараторияны сылтау қылды. Олар бізді тексермесін деп осындай секциялар аштық деп, бізге қағаз жүзінде тапсырған. Сол бойынша қаншама қаражат алып келген.  Өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, депутаттар топ құрып тексеру жұмыстарын жүргізген кезде , өкінішке қарай кебйір жерлерде мүлдем ондай үйірмелер жоқ болып шығады. Кейбір балабақшаны тексеріп барсақ, балабақша жоқ. Үйінде шай ішіп отыр, оны балабақша деп рәсімдеп қойған. Оны антикордың қызметкерлері де біледі. Олармен жұмыс жасады. Басқа да өңірде де кездескен шығар. Бірақ осындай жағдайлар өкінішке қарай бізде көп. Біз қазір соны тоқтатып жатырмыз. Енді бір-екі кәсіпкер ренжіді екен деп ол жұмыстты біз тоқтатпаймыз”,- деді ол.

Нәлібаев бұл шағымдар заңсыз істеп, мемлекеттен ақша алып отырған кәсіпкерлердің ісі деп пайымдайтынын айтты.  

“Бізде балабақшаға баратын әр балаға  57 мың теңге еді, қазір тағы көбейді. 60 мың теңгенің үстінде суббсидия төленеді. Соны 100 баланың орынына 200 бала келді деп ақша алып отырған балабақшаның иелері, басшылары, құрылтайшылары бар. Біз қазір оның бірнешеуін анықтап тоқтаттық. Барлығын цифрландырып жатырмыз. Бала келген кезде камераға өзін көрсетеді, камера баланың келген келмегенін анықтап базаға түседі. Соған ғана қаражат төленеді. Сонынмен айырмашылық бізде өте көп шығып жатыр. Кейбір кәсіпкерлеріміз қулыққа барып, баланы емдеуге, демалысқа шығарып жатыр. Біз қазір оны да анықтап жатырмыз. Өйткені біз тәртіп орнатуымыз керек.  Заңды жұмыс істегендерді қолдап, жетектеп алып жүреміз”, -деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 
 

Талқылау