AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кредиттік" алаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап соқты

"Кредиттік" алаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының полициясы хабарлағандай, бұл жолы Маңғыстау облысының 23 жастағы тұрғыны қылмысты болды. Қылмыскерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Арампиғылды азамат өзінің "схемасы" бойынша жұмыс істеген – ол адамдардың сеніміне ие болып, оларды телефондарды, скутерлерді және басқа да оңай сатылатын техниканы несиеге алуға көндіреді және қарызды өзі төлейтінін айтады. Техникаға қол жеткізген ол затты ломбард мекемелеріне өткізіп, тиісті ақшаны алып белгісіз бағытқа жоғалып кеткен. Ал оған сенген адамдар мойнына алған несиелерімен бірге қалып қойған. Қазіргі уақытта тергеу 5 қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Жалпы материалдық залал 5 миллион теңгеден асады", – деді Түрксіб өңірлік полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, қамауға алынған. Прокуратура "қамауда ұстау" түріндегі тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қолдады. 

“Біз бұл адамның қылмыстық әрекетін ескере отырып, оның құрбандары көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, аталған қылмыскердің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы біздің бөлімге хабарласуға шақырамыз: 298-54-62; 298-54-60; 298-54-65 и 8-747-456-990", – деп қорытындылады Жаңабаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр