Көз жасы мен мұрнын теңгеге сүрткен Шырын Нарчаева елдің ашуын келтірді (видео)
Атышулы Шырын Нарчаева тағы да ел назарында. Қазақтың ұлттық тағамы, теңгесі мен киімін қорлаған блогер бұл жолы ұлттық валютамен ойнады.
Нарчаеваның кезекті әрекеті желіде тез тарады. Ол 10 мың теңгелік валютамен көз жасын, қала берді мұрнын сүртіп, көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары мұндай әрекет жазасыз қалмау керек деп ашулы.
“Осыны ұрып талдыратын бір еркектің жоқ болғаны ма?”, “Осындай санасы төмен адамдарды көрсете бермеңдерші, ақылсыз”, “Осыларды неге көрсетеді? Керегі сол ғой оларға, пікір жазып, талқылап керек емес. Осындай санасы, миы жоқ "адамдарды" талқылап не керек?”, “Осындайлар неге жауапқа тартылмайды? Жазықсыз адамдарды да бекер тергеп, қинап жатыр ғой?!”, “Ыстық үтікті осындайларға басу керек қой”, “Осыны бір сабаса ғой жанын шығарып”, “Теңгені қорлағандарды жауапқа тарту керек”, “Әр нәрсенің сұрауы бар, сол ақшаға зар болып қалар”, деп жазды желідегілер.
Бұған дейін заңгер блогердің әрекетіне ашынып, Бас прокуратураға үндеу жолдаған еді.
"Нанды, сәукеле мен ұлттық валютаны қорлаған бұл қызға, тіпті төтенше жағдай кезінде де қылмыстық іс қозғау керек. Ол сәукеле киіп жалаңаштанғанда, теңгені қорлағанда үндеген жоқпыз, енді ол жалаңаштанып бауырсақпен видео түсірді! Бұл бүкіл халықты қорлау. Мен Бас прокуратураға Шырынның әрекетін тексеріп, оны Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазалауды сұраймын! Біз ұлтқа тіл тигізуді тоқтатуымыз керек!", - деді заңгер өзінің Facebook парақшасында.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
