"Көйлекке мән бермеңіздер": Бейбіт Қошқалиев бала күніндегі видеосын жариялады
Бейбіт Қошқалиев бала күнгі видеосын жариялап тыңдармандарының көңілін көтерді. Бейбіт бала күнінен ән айтқан. Оның пысықтығына қайран қалған көпшілік әр түрлі пікір жазды.
"1993 жыл. Шымкент. Көйлекке мән бермей-ақ қойың, сол кездегі мода ғой", - деді әнші.
Видеодан бала Бейбіттің ән айтқан сәтін көруге болады. Бұл сәт өзінің айтуынша, Шымкентке қонаққа барған кезі екен. Әншінің өзі Атыраудың тумасы.
Желідегі оқырмандарының бірі Бейбіттің бала күнінен пысық болғанын жазып жатыр. Енді бір оның даусының әсемдігін айтса, енді бірі түр-тұлғасын сөз етті.
"Түрің түк өзгермепті, тек бойың өсіпті. Даусың керемет екен", "Түрің ер азамат сияқты болыпты ғой сол кезде-ақ", "Шымкенттікісің бе?", "Қандай өжет болғансың?", "Болар баланың болашағы осы кезден-ақ көрінген ғой", "Дәл осындай заман болды, әр үйдің қабырғасында кілемдер ілініп тұратын" - деп жазды олар.
Бейбіт әнші ретінде 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән байқауында "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған. 2003 жылы KZ тобының мүшесі болды. Нұрлан Абдуллинмен, Ренат Гайсинмен бірлесе жұмыс істеді. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, жеке шығармашылығын бастады. Осы уақытқа дейін көптеген жобаларға қатысып келеді. Қоржынында 4 бейнебаяны бар. 20 шақты жеке әндері бар. Қазіргі продюсері - Ғалымбек Исмбергенов.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
