Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық бейтаныс қыз бірге өткізген түннен соң жігітті тонап кеткен

Қостанайда 29 жастағы жігіт өзін жаңа танысқан қыз тонап кетті деп полицияға шағым түсірген.

20099-vybrat-kachestvennoe-vino-zheka-640x450

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Зардап шегушінің айтуынша, 11 қараша күні түнде ол қызбен бірге қаладағы қонақүйлердің бірінде болыпты. Ал таңертең құжаттары мен ақшаны алған қыз сытылып шығып кеткен.

Жігіттің сөзінше, қыздың жасы 25-30 аралығында. Алайда мас күйде болғандықтан қыздың бет-әлпетін есінде сақтап қала алмаған. Қыз жігіттің 170 мың теңге ақша алынған банк карточкасын ұрлап кеткен.

Қазіргі таңда полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, енді танысып көңіл жарастырмақ болған қыз-жігіттер арасында мұндай жағдай жиі кездеседі екен.

Оқи отырыңыз:

Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты

Израиль ғалымдары: кешкі асқа спагетти мен тоқаш жеу керек

Бір топ құстың салдарынан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты (фото)

Қазақстанға 30 градустық күшті аяз келе жатыр

Талқылау