AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатына баруы үшін ақшаны өздері іздеуге мәжбүр

Қостанайлық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ. Мұндай келеңсіз жағдайға кір тасын көтерушілер қалып отыр. Ал бұл ретте елімізде кір тасын көтерушілер арасында осы аймақтың спортшылары үздік саналады. Биыл ел чемпионатында 15 алтын медаль жеңіп алғанына қарамастан енді олар әлемдік жарыстарға бару үшін қаражат жинауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

гир спортсмен

"Логикалық және ережелерге сәйкес бұл функцияны бұрынғы ДШНК деп аталатын спортты дамыту дирекциясы өз бақылауына алуы қажет. Шындығына келетін болсақ ел чемпионы атанған спортшыларды халықаралық жарыстарға шығару олардың міндеті. Республикалық федерацияға шықтым, алайда ол жақтан ақша жоқ деген жауап алдым", - дейді К.Оспанова атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Олег Комаров.

Венгрияда өтетін әлем чемпионаты келесі аптада басталады. Ол жаққа бір спортшының баруы үшін 600 мың теңге қажет. Олег Комаровтың төрт тәрбиеленушісі біздің еліміздің атынан лайықты түрде өнер көрсетіп алтын әкеле алады, бірақ ақшаны тек үш спортшыға ғана бөлген.



Рекордшы және Азия чемпионы Екатерина Литвинова чемпионатты өткізіп алуға мәжбүр. Жаттықтырушының айтуынша, халықаралық жарыстарға қатысу үшін ақшаны жыл сайын іздеуге тура келеді, ал кейде демеушілер мен әкімдік қол ұшын береді. 

Талантты жастар көп, тек жергілікті бюджеттен барлығына бірдей қолдау көрсетілмейді. Жаттықтырушының пікірінше, бұл міндет министрлікке қарасты спортты дамыту дирекциясына жүктелген. Ол жерде алдағы әлем чемпионатына баруға ақша жоқ екенін ашып айтқан. Пандемия мен бюджеттік шектеулерге байланысты тек ел ішінде жарыстарды ұйымдастыруға ғана қаражат бөлінген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр