AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"СОБР наразылық білдірушілер жағына өтті" деген жалған ақпараттың авторы ұсталды

Қостанайда қаңтардағы тәртіпсіздікте СОБР қызметкерлері наразылық білдірушілер жағына өтіп кеткені туралы жалған хабардың авторы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Орталық бақылау комиссиясының брифингінде Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

Әділов қаңтар оқиғасынан кейін желіде азаматтардың қоғамдық санасын бақылауға алу үшін ақпараттық соғыс басталғанын атап өтті.

"Әлеуметтік желі арқылы әдейі жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кетті. Жалған хабарламалардың басым бөлігі елден тыс жерлерден түседі. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде мұндай 50-ден астам аккаунт ашылды", - деді ол.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Екі адам қамауға алынды, тағы екеуі үйқамаққа алынды. Мысалы, Қостанайда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Telegram мессенджерінде СОБР қызметкерлері наразылық білдірушілер жағына өтіп кетті" деп жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды", – деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар, ІІМ Тергеу департаменті бастығының айтуынша, фейк авторы бір қызметкердің атынан "ешкім ұсталмайды" деген екі хабарлама жариялап, қазақстандықтарды митингке шақырған.

"Тағы бір жағдайда, 10 қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Ақмола облысының тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін полиция қызметкерлерін өлтіруге үгіттеп жазба жариялады", - деп қосты Әділов.

Министрлік қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада күш құрылымдарына КамАЗ жіберген азаматтың ұсталғаны туралы да хабарлады. Көлікпен соқтығысуы салдарынан Ұлттық ұланның қызметкері – 19 жастағы мерзімді әскери қызметші сол жерде көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр