Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда педофилдің құрбаны болған қыздың ағасы табылды

Қостанай қаласы ПБ полиция қызметкерлері Олег Ганяны Теміржол вокзалы ауданындағы аялдамадан тапты. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау үшін ПБ жеткізілді. Одан кейін ата-анасына аманатталады. Баласының табылғаны туралы анасына полиция хабаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  kstnews.kz басылымына сілтеп хабарлайды.

жоғалған

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 22 қазанында Әулиекөл ауданының полиция бөліміне Бағаналы кентінің 40 жастағы тұрғыны 20 жасар ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген болатын. Осы жылдың 15 қазанында үйден кетіп қалған оның қайда екені белгісіз. Бұрын бірнеше рет кетіп қалған екен.

Хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздеуге облыстық полиция департаментінің жеке құрамы  мен еріктілер де тартылған. Департамент басшылығының нұсқауы бойынша жедел-іздестіру тобы құрылды.



Іздестіру іс-шараларын полицейлер 16-18 қазан аралығында жүргізді. Олег Ганя Қостанай ауданының Борис-Романовка ауылында өз таныстарының жанында болғанын анықтады. Осыдан кейін ол  Қостанай қаласына бет алыпты.

Еске салсақ, Қостанай облысындағы полиция мен еріктілер тобы 20 жастағы Олег Ганяның іздестіру жұмыстарын екі апта бойы жүргізіп келе жатқанын хабарлаған едік. 

Талқылау