Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда өртенген үйден екі кішкентай қыздың денесі табылды

Қостанайда өртенген үйден кәмілеттік жасқа толмаған екі қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ 1988 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 наурыз күні болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Тобольская көшесінде орналасқан екі қабатты жеке үйде өрт тұтанған. Жалын екінші қабатты түгел алып кетіп, аумағы 100 шаршы метрді қамтыған. 

Оқиға орнынан үйді жалға алған 1988 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Онымен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 



Сондай-ақ үйден 2011 және 2013 жылдары дүниеге келген екі қыздың денесі табылды. Олар туыстарының үйіне қонаққа келген. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 11:45
Талқылау