AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда мектеп директоры мемлекетке келтірілген шығынды он есе өтемек

Қостанай қаласындағы №122 орта мектептің директоры қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдедң.

Сот, сотталушы М.-ның 2019 жылдың қазан айынан 2021 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта қызметіне байланысты сеніп тапсырылған жалпы сомасы 1 955 300 теңге бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлап, иемденгенін анықтады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот отырысында прокурор сотталушы М.-ны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Үкiмдi тағайындау кезiнде сот сотталушының жауапкершiлiгi мен жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды, алғашқы соттылығын, отбасылық-материалдық жағдайын, оң сипаттамаларын, денсаулық жағдайын назарға алды.

"Сотталушы М.-ның мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанын, кінәсін мойындамайтынын және жасаған ісіне өкінбейтінін ескере отырып, сот оған ұрланған мүлік сомасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мемлекет кірісіне 19 553 000 теңге айыппұл төлейді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр