AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда базар маңынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Қостанайда 37 жастағы ер адам пакеттен жаңа туған баланың денесін тапты. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам 18 сәуірде сағат 17.00-де Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысындағы "Бүркіт" базарының аумағымен кетіп бара жатып, пакетке салынған баланы тауып алған. 

"37 жастағы ер адам өмір белгілері жоқ пакет ішіне салынған жаңа туған нәресте тауып алды. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жаңа туған қыз баланың денесін тапты", - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 100-бабы " Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тергеу жүріп жатыр, сараптама белгіленді.

Полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан құқық қорғаушыларға хабар беруді сұрады.

Айта кетсек, 9 сәуірде Қарағанды полициясына 26 жастағы тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазарту кезінде баланың мәйіті салынған пакет тапқанын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр