Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері мас жүргізушіні сау етіп көрсеткен – Сот үкім шығарды

Медициналық куәландыру нәтижелерін өзгерткен Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Владимир Михайленко

Сотталушылар орындығында: 

  • медициналық орталықтың бас дәрігері Владимир Михайленко;
  • нарколог Евгений Самусев;
  • нарколог Ромуте Маладаускайте;
  • зертханашы Заде Хакимова отырды. 

"Айыпталушы М. өзінің қарамағындағы С., М-те және Х-ның баяндамасынан Ш-ның көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болғанын және оны әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында С. және М-те наркологтарына куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырған", - делінген сот материалында.

Айыпталушылар сотта өз кінәсін толық мойындаған.

"Сот айыпталушы М-ға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлімін қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу арқылы белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындады. С. және Х-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға, ал М-те 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау