Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда оқушының әкесі соққыға жыққан мұғалім полицияға арызданды

Қостанай қаласындағы мектеп-гимназиясында мұғалімді соққыға жығу ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда 29 жастағы ер адам 37 жастағы ер азаматтың өзін ұрып-соққанын айтып арызданды.

Қазіргі уақытта “Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру” бабы бойынша іс жүріп, сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Қостанайда гимназия оқушысының әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін ұрып тастағануы туралы жазған едік. Төбелес оқу ордасында болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қаңтар, 2019 16:47
Талқылау