Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға кеше Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 495-ші шақырымында болды. Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысты.
Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам Рудный қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Көлік Жітіқарадан Қостанайға келе жатқан.
"Жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, көлік қозғалысына жабылған жолдың технологиялық бөлігіне шығып кеткені анықталды", – делінген хабарламада.
Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ