Коронавирустың тағы бір қауіпті салдары белгілі болды

Коронавирустық инфекциямен ауырған ер адамдар репродуктивті функцияның бұзылуына тап болуы мүмкін. Бұл тұжырымға израильдік Шиба медициналық орталығының бір топ ғалымдары келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Cкрининг жүргізген кезде вирустың бөлшектері зерттеуге қатысқан COVID-19 жұқтырған еркек пациенттердің 13 пайызының ұрығынан табылды. 

Мамандар аурудың жеңіл түрімен ауыратын науқастарда сперматозоидтардың саны мен қозғалғыштығы 50 пайызға төмендегенін байқады. Бұл жаңа жағымсыз салдар диагноз қойылғаннан кейін 30 күннен соң да сақталуы мүмкін.

Жұқтырған 12 адамның қатысуымен патологиялық зерттеулер барысында ғалымдар сперматозоидтардың дамуына жауап беретін тестикулалардың жасушаларында, сондай-ақ олардың бөлінуіне және көбеюіне себеп болатын тестостерон гормонын өндіруде өзгерістерді анықтады.

Зерттеудің жетекшісі Дэн Адерка коронавирустың ACE2 рецепторларымен әрекеттесетінін түсіндірді. Оның пікірінше, дәл осы себептен вирус тестикулалардың жасушаларын бұзып, бедеулікке әкелуі мүмкін. Сонымен бірге, Адерка бұл процестің қайтымды ма, жоқ па әлі белгісіз екенін байқады. Мұны білу үшін бақылауды жалғастыру қажет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр