Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты жеңіп шықтым: Қазақстандық қыз емделу кезінде басынан өткерген жайттар туралы

Орал қаласының тұрғыны Атырауға барып келгеннен кейін коронавирусқа тексеруден өту туралы шешім қабылдады. Әйелдің айтуынша, өзінің коронавирус жұқтырғанын білгенде қатты таңғалыпты, деп жазады Мой город.

Әлия диагноз туралы 29 наурыз күні, Атырауға іссапардан оралғанда білді. Оралға келген соң дене қызуы көтеріліп тұрғанын байқайды. Сондықтан шұғыл түрде коронавирусттан тексерілуді жөн деп шешті.

Мен ауруханаға өзім келдім. Сынама әлі дайын болмағанымен, ауруханада қалдым. Бір себептермен менде ешқандай коронавирус жоқ екеніне сенімді болдым, олар мені ертең таңертең үйге жібереді, мен туыстарыма және достарыма барамын деп ойладым. Бірақ мен қателесіппін. 29 наурыз күні таңертең коронавирус анализінің расталғанын айтты. Бұл таңғаларлық жағдай болды, мен не болып жатқанын түсінбедім, көз алдым түнеріп кетті. Менің не айтқаным есімде жоқ. Мен өзім сөйлескен адамдардың барлығын жадымда сұрыптай бастадым», - деді ол.

Сол күні Әлия облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, ол жерде жедел жансақтау бөліміне жатқызылды.

Коронавирус анықталған алғашқы күннен бастап Әлия әлеуметтік желілердегі шабуылдарға төтеп беруге мәжбүр болды. Адамдар оны «Оралға жұқтырды» деп айыптады. Әлиямен байланысқан адамдардың бәрі сау болып шықты. Ал, өзі дер кезінде дәрігерлерге жүгінген. 

«Адамдар әлеуметтік желілерде көптеген жаман сөздер жазды. Олар мені жауапсыз деп айыптады, мені Атырауда инфекция барын білсе де, сол жаққа барды деп жатты. Кейбіреулер мені соттау керек деп жазды. Мұндай пікірлерді оқу маған өте қиын болды. Дөрекі сөздер мені азаптай түсті. Дүние жүзі бойынша жүздеген мың адамдар коронавирусты жұқтырды, мен олардың арасында болдым. Адамдар өзінің тасымалдаушы екенін білмеуі мүмкін екен», - деді әйел.

Әлияның айтуынша, ол барлық әлеуметтік желілерде өзі жайлы жеке деректердің жарияланғанын көргенде одан да қатты соққы алған. 

Жақында Әлияның анализі теріс нәтиже көрсетті, ол толығымен емделіп шықты. Бірақ оны дәрігерлер тағы 14 күн бақылауы керек. Бұл емдеу хаттамасының талабы.

Талқылау