Коронавирус жұқтырған министрмен тікелей байланыста болған: Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев оқшауланды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Облыс әкімі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтті. Нәтижелері теріс. Хаттамаға сәйкес ол өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Оның жағдайы жақсы, аурудың белгілері жоқ", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сапарбаев бейнеконференция режимінде кесте бойынша жұмысын жалғастыратыратыны нақтыланды.
Өткен аптада премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Қазақстан үкіметінің басшысы коронавирус сынағынан өтті, диагноз расталмады. Қазір барлығы оқшаулануда, бірақ қашықтан жұмыс істейді.
Делегация құрамында болған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов та өзін-өзі оқшаулаған.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады