Коронавирус Швецияға жетті
Швецияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жағдайды Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Олардың мәліметінше, сырқаттанған адам Йёнчёпинг қаласының ауруханасында тіркелген.
Швеция азаматшасы ауру өршіген Қытайдың Ухань қаласына барып, үйіне 24 қаңтар күні оралыпты.Ең алғашында өзін жөтел мазалайтындығын айтып шағымданыпты. Десек те. Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы оның сырқаты ауыр емес екендігін жеткізіп отыр.
«Шведтер көп саяхаттайтынын ескерсек, бұл, біз үшін күтпеген жағдай емес. Біз жағдайды бақылап отырдық және мұндайдың боларын болжадық. Осындай жағдайлар бірқатар өзге де мемлекетте анықталды», - деп түсінік берді департамент басшысы Карин Тегмарк Визелл.
Визелдің сөзінше, швед дәрігерлері басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, науқасты емдейтін болады. Ол мемлекеттегі инфекцияның таралу қаупі өте төмен деген баға берді. Швеция жаңа коронавирус анықталған Солтүстік Еуропадағы екінші мемлекет. Бірінші жағдай Финляндияда тіркелген болатын. Коронавирус Қазақстанға көршілес жатқан Ресейдің аумағынан да анықталған.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
