Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі медкомиссияның неліктен ауруы бар сарбаздарды әскерге жарамды деп танитынын түсіндірді

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда денсаулығында кінәраты бар жігіттердің неліктен әскерде жүргеніне жауап берді. Айтуынша, шақырту алған азаматтар өз аурулары туралы білмейді немесе медициналық комиссиядан өту кезінде әдейі жасырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: iStock

Жақында сенатор Амангелді Нұғманов әскерге шақырылушылардың медициналық тексеру жүйесін сынға алды. Айтуынша, дәрігерлерге сапалы диагноз қоюға уақыт жетіспейді. Сондықтан "денсаулығы жарамсыз" сарбаздар әскерге кетіп жатыр.

"Мерзімді қызметтегі сарбаздарда аурудың болу фактілері бар. Кейде әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан өткен кезде өздерінің аурулары туралы білмейді немесе жасырады. Мұндай аурулар олардың әскери қызметке бейімделу кезеңінде, физикалық және психологиялық жүктемелер күшейген жағдайда көрінеді", - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі депутатқа. 

Ведомство Қазақстандағы әскерге шақырылушылар заң бойынша екі кезеңдік медициналық тексеруден өтетінін еске салды.

"Бірінші кезең – шақыру комиссиясының қорытындысын шығара отырып, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар жанындағы Аудандық деңгейде медициналық куәландыру. Осы кезеңде амбулаториялық және стационарлық тексерулерді жүргізу үшін уақыт шектеулері белгіленбеген. Екінші кезең – қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің құрама пункттеріндегі медициналық тексеру. Бұл аудан деңгейінде мүмкін болатын кемшіліктерді анықтау үшін қажет", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.



Министрлік сонымен қатар, әскерге келерде әдетте сарбаздардан тексеріс кезінде арау анықталмайтынын айтты. Ал ауру анықталса сарбаз қосымша тексеру үшін ауданға қайтарылады екен.

Сенат сонымен қатар әскери комиссариаттардағы медициналық комиссияларға емес, емханалардағы учаскелік дәрігерлерге әскерге "жарамды" немесе "жарамсыз" мәртебесін беруді ұсынды. Қорғаныс министрлігі бұл идеяны қолдауға дайын.

"Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне азаматтарды медициналық куәландыру мәселелерін, оның ішінде тіркеу бойынша учаскелік емханаларда медициналық комиссияларды өткізу мәселелерін заңнамалық реттеу құқығын беруге қарсы емеспіз", - деп атап өтті ведомствода.

Талқылау