Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореяда өткен сұлулық байқауында қазақстандық бойжеткеннің көйлегі ең үздік деп танылды

Қазақстандық Айсұлу Ерболова есімді бойжеткен Оңтүстік Кореядағы Miss World University сұлулық байқауында ең үздік киім номинациясын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұлулық байқауы бірнеше кезеңдерге созлыпты, ал ең сұлу атануға 50 мемлекеттен келген бикеш бақ сынаған. 

Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті ең үздік ондықтың қатарына кіріпті. Оның киген ұлттық киіміне әділқазылар жоғары баға берген көрінеді. 

"Айсұлудың өнері ең үздік бестіктің арасынан орын тапты. Әділқазылар мен ұйымдастырушылар Қазақстанда көрікті де білімді адамдар тұратындығын алға тартты", - деді қазақстандық модельдік агентігінің өкілдері. 

модель

Өз кезегінде Айсұлу Ерболова өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді. 

"Мен сіздердің қамқорлықтарыңыз бен көңілдеріңізге ризамын. Сіздерге денсаулық, бақыт және сәттілік тілеймін. Құттықтауларыңыз бен маған танытқан ықыластарыңызға рахмет", - деді Айсұлу. 

Айсұлу байқау кезінде өнер көрсеткенде Қазақстанды таныстырып, еліміздің табиғатын көрсетіпті. Бойжеткеннің өзі болса жастайынан бимен әуестеніп, бос уақытында суретке түсіріп, атпен серуендегенді ұнатады екен. 

Miss World University- жыл сайын студенттердің арасында өтетін байқау болып табылады. 2019 жылы ол Чеджудода өткен еді.

 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жер сілкінісі болды: қала тұрғындары дүмпуді сезді

Қала тұрғындары жер сілкінісінен шошыды

Гарри Поттерді ойнаған актерді жұрт көше кезген панасыз санап, ақша берді

Актерге бес доллар берген

Дәрігер ұйқыға жатар алдында қандай әрекеттерден аулақ болуды ескертті

Маман ұйықтар алдында алкогольдік ішімдік ішу артықтық етпейтінін айтады

Ерлі-зайыптылар жанартаудың атқылауына қарамастан үйленді

Таудан атқылаған отқа қарамастан үйленген жас жұбайлар керемет суреттерге түсті

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды

Жігіт әйелімен ұрысып қалған

Полиция қызметкері қаруланған ер адамнан отбасын құтқару кезінде қаза тапты

Ер адам отбасын пышақпен қорқытқан

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар
Çàãðóçêà...