Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай қақтығысы: Қыспақтан «қайтыс болған» нәрестенің ата-анасы мән-жайды айтып берді

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін Масанчи, Бұлар батыр, Аухатты және Сортөбе ауылдарының тұрғындары үйлерін тастай бастады. Олар көрші елден пана іздеп Қырғызстан шекарасына бет алды. Өткізу бекеттерінің қыспақ салдарынан 25 күндік нәресте көрпеге тұншығып қала жаздады. Сәбидің анасы Фатима Багиева Tengrinews.kz тілшісіне жаңа туған қызын құтқару оқиғасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде баланың шекарада қыспақ кезінде қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, бірақ бұл оқиғаға байланысты ресми расталу болған жоқ.

21 жастағы екі баланың анасының айтуынша, Қордай қақтығысынан кейінгі күні ол Қырғызстандағы туыстарына баруды шешкен. Ол үлкен ұлын таңертең ата-әжелерімен бірге шекараға жіберген.

"Олар ертерек, 8 ақпанда, таңертеңгі сағат үш-төртте өтті. Ол кезде шекарада адам аз болған. Біз шекараны түскі уақытта өте бастадық. Адам көп болды, мен қызымды өзіме қысып ұстап алдым. Қызым жөтеле бастағаннан кейін көрпеге орадым, ауырып қала ма деп қорқып кеттім. Мен шекараны шамамен бір жарым-екі сағатта өттім, бір сәтте ол талып қалды. Ыстықтан шығар деп ойладым",- дейді Фатима Багиева.

 

Жас ана нәрестенің дірілдей бастағанын, тынысы ысқырықпен шыққанын айтты.

"Көрпені ашсам, қызым дем алмай жатыр. Жанымда тұрған әйел бала есінен танып қалды деді. Мен әлі жаспын, білмеймін. Содан кейін әжем қарап, баланы дәрігерлерге тез арада көрсету керек деп айтты. Қорыққанымнан айқайлай бастадым. Мен шекарашылардан кем дегенде баланы өткізуге рұқсат сұрадым. Нәтижесінде мен оны қақпадан беріп жібердім. Медбикелер тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деп толықтырды жас ана.

Әйелдің айтуынша, ол шекарадан шамамен бір сағаттан кейін өткен. Бұл кезде нәресте есін жиған. 

"Мен жедел жәрдем машиналарын көрмедім, бірақ кезекші медбикелер болды. Қызым аш болғандықтан жылады. Содан кейін бізді ауруханаға жеткізіп, біз онда екі күн жаттық. Кейін бізді жедел жәрдем Қордай ауруханасына апарды. Ол жақта жеті күн жаттық", - деді ол.

"Денсаулығы жақсы. Дәрігерлер ауруханадан шығарар кезде бәрі жақсы деп айтты. Бірақ оның ұйықысы нашар. Ол 10-15 минут ұйықтап, оянып, жылайды.Үнемі қолда ұстау керек. Менің ойымша, адамдар көп болғандықтан қызым қысылып қалды. Дем алуына кедергі болды. Құдайға шүкір, бәрі жақсы аяқталды. Қазір біз үйдеміз", - деп аяқтады ол. 

 

 

 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы коронавирус жағдайы: Тағы 6 адам індеттен емделіп шықты

Алматыда короавирус жұқтырғандардың саны 109 болып отыр

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды

Науқастың диабетпен ауырғандығы анықталыпты

Коронавирус пандемиясынан кейінгі адамзат өркениетінің жайы не болмақ?

Коронавирус індеті аяқталғаннан кейін өркениеттің болашағы жайлы үш болжам айтылды

Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтеді?

"Жастарға қалдырыңыздар": 90 жастағы кейуана жасанды тыныс алу аппаратына қосылудан бас тартып, артынша көз жұмды

Оның қызы анасының бұл існе еш таңқалмайтынын айтып отыр

Көз жұмған науқас - 64 жастағы Жетісай ауданының тұрғыны: Түркістан облысында індет өмірін қиған науқас жайлы не белгілі?

Жалпы облыста коронавирус жұқтырған 23 азамат анықталыпты

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

Бұл тест арқылы жұқпалы індетті 5-6 сағатта дәл анықтауға болады

Назарбаевтың денсаулығына қатысты таралған ақпарат жоққа шығарылды

Елбасының баспасөз хатшысы тұңғыш президенттің жағдайы жақсы екенін атап өтті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті

Індетті тағы 36 адам жұқтырғаны анықталып отыр

Қазақстанда коронавирустан төртінші адам көз жұмды

Көз жұмған науқас Түркістан облысында анықталып отыр. 
Çàãðóçêà...