Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілдес сүйіктісін отбасынан ажырата алмай қиналып жүргенін айтты

Көңілдес болып жүрген қазақстандық бойжеткен басындағы оқиғасын баяндап берді. Ол көп жылдан бері сүйіктісін отбасынан ажырата алмай жүр екен.

слезы-71

Бұл туралы «Әйел бақыты» парақшасында жазылды.

Динара Төлендиева (есімі өзгертілді) студент кезінде отбасылы азаматтың көңілдесі болып жүрген. Соңғы екі жылда екеуі бірге тұрып жатыр. Алайда бойжеткеннің азаматы мүмкіндік туа салысымен балаларын көруге ынтығып тұрады екен. Ал Динара ханым бала көтере алмай қиналып жүргенін айтады. Қызғаныштан екі рет сүйіктісінің көзіне шөп салған.

«Ешкімге айта алмаған тағдырым жайлы көпшілікпен бөлісіп, пікірлерін білсем деймін. Батыс өңірінің қызымын. Әке-шешем де о дүниелік болып кетті. Жасым қазір 27-де. Тұрмыс құрмағанмын. Студент кезімде өзімнен 10 жас үлкен жігітпен кездейсоқ таныстым. Екінші рет кездескенімізде ол мені жалдамалы пәтерге алып барды. Сол жерде төсектес болып, қыздығымды алды. Содан бастап арамыз үзілген емес. Бірақ, артынша оның әйелі мен екі баласының барын білдім. Оны жақсы көріп қалғандықтан, «кет» деп айта алмадым. Соңғы екі жылда бірге тұрып жатырмыз. Менің атыма бір бөлмелі пәтер алып берді. Соның арқасында аш қалмадым.

Ақшадан да қысылған емеспін. Көлік те алып берді. Әлі күнге дейін бала көтермедім. Менен баласы болмағандықтан, бұрынғы әйелі мен балаларына барып жүр. Екі күн менің қасымда, екі күн әлгі әйелдің үйінде қонады. Мен қызғаныштан жарылып кетердей боламын. Оны жібере алмаймын. Жақсы көремін. Төсекте 100℅ көңілімнен шығады. Осыдан бір жұма бұрын әйеліне кеткен кезде, ашумен үйге бөтен ер азаматты шақырдым. Ол таңғы сағат 9-да келіп, екеуімізді төсекте жатқан жерімізден ұстап алды.

Маған қол көтерген жоқ. Үнсіз үйден шығып кетті. Осылайша, көзіне бір рет шөп салдым. Содан бері арамыз суып кетті. Кеше тағы да әлгі әйелге кетті. Ал мен түнгі клубтан үйге танымайтын тағы да бір жігітті ертіп келіп, түнімен төсекте соның ойыншығы болдым. Басым әбден қатып кетті. Ол, шынымен, әйелі мен баласын таңдаса, маған өмірдің еш мәні қалмайтын сияқты. Өзімді тірі өліктей сезінемін. Жаным ауырып отыр. Ең болмаса, Жаратқан ием сүйген адамымнан сәби бұйыртса екен деп армандаймын», – дейді Динара Төлендиева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен қайын жұртының көрсеткен қорлығы туралы айтты

Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ

Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Талқылау