Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты

Айсұлу Айдайбекова  (есімі өзгертілді) үш дипломы болса да, жұмысқа тұра алмай жүргенін айтады. Бүгінде ол мейрамхана мен дәмханаларда еден жуып күн көріп жүр.

1.slush_

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Қазақстандық бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Ол 29 жасына дейін үш диплом алып үлгерген екен. Бірақ, мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмай жүр. Айтуынша, жұмысқа қабылдаған проректорлар оны кешкілік кездесуге шақырады екен. Бүгінде ол мейрамхана мен дәмханаларда ыдыс пен еден жуып жүр.

«Көптен бері бір мәселені ойлап, әбден қажыдым. Бұл біреулерге күлкілі болып көрінуі мүмкін екенін білемін. Бірақ, мен үшін бұл қиындық тудырып отыр. Қазір 29 жастамын. 3 дипломым бар. Кезінде анам құқықтану мамандығы бойынша оқытқан. Оқып жүргенімде жанұямда 4 бірдей адам қайтыс болады. Үйді асырайтын әпкем екеуіміз қалдық. 2014 жылы қолыма 3 диплом алдым. Бірақ, әлі күнге дейін мамандығым бойынша жұмысқа орналаса алмай келемін. 20 жасымнан бастап мейрамхана, дәмханаларда еден, ыдыс жуушы болып жұмыс істеймін. Түнгі кезекшілік кезінде де ұйықтамаймын. Барлығы анамды асырау үшін. Түйіндемемді алып барған кезде мені жұмысқа шақырады.

Бастықтардың сұрақтарына жауап беремін. Барынша білімді екенімді дәлелдеймін. Сұхбаттың соңына қарай мені кездесуге шақырады. Шыдамай қашып шығып кетемін. 2015 жылдың жаз айында үш университетке сұхбатқа шақырды. Солардың бірі жұмысқа алғандарын айтып, мені қуантты. Қуанышым қойныма сыймай бірден анама хабарлап айттым. Аялдамаға жақындай бергенімде проректор хабарласып, «Кешіріңіз! Жаңа сұхбатқа келген сіз бе? Кешкі ас ішейік» деді. Мен алғыс айтып, ұсыныстан бас тарттым. Жылағым келіп кетті. Ақыры дүкенде кассашы болып жұмыс істеп жүрмін. Алматы немесе Астанада жұмыс болса, мені шақыруларыңызды сұраймын», – дейді Айсұлу Айдайбекова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар