Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Жұма, 12 Мамыр , 2017 13:11

Қазақстандық келіншек құрбысының өзінің күйеуін қалай қаратып алғанын айтып берді. Қарағандылық бойжеткен, тіпті, жүкті екенін айтып алдаған.

18443334_1720264408266316_6778571932078964736_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Гүлбану Асылбекқызының бүгінде екі баласы бар. Өзі Астана қаласында тұрып жатыр. Күйеуін ортақ әріптесі қаратып алған екен. Ол бұл мәселені қалай шешетінін білмей жүр. Тіпті, араларында заңды неке жоқ екен.

«18 жасымда жүріп жүрген жігітіме үйлендім. Қыз-жігіт болып екі жылдай жүрдік. Бірге жұмыс істеген болатынбыз. Мектептен кейін оқуға түскен едім. Екінші курсқа келген кезде оқуымды тастауға мәжбүр болдым. Қайын жұртым оқытпайтындарын айтты. Ол кезде күйеуім жұмыс істемейтін болғандықтан, көнуіме тура келді. Құдалық, беташар, той барлығы болды. Бірақ, арамызда заңды неке болмады. Күйеуімнің тіркеуі Семейде еді. Сол себепті балама өз әкемнің тегін бердім. Өзімнің шешем баламның құжатсыз қалмағанын қалады. Оларға бұл туралы ескертіп айттық. Олар мән бермеді. Екінші баламды да өзімнің атыма жаздырдым. Бұл оқиға осыдан екі ай бұрын басталды.

Күйеуім Астана қаласындағы жекеменшік фирмалардың бірінде жұмыс істеді. Басында қайын ағамыз арқылы іссапармен келген болатынбыз. Күйеуім жұмысқа қыздарды алды. Арасында біреуі Қарағандынікі екен. Сол қыз менімен сырласып, үйге келіп жүрді. Бір-бірімізге сырымызды ашып айттық. Айтуынша, күйеуі қайтыс болып кеткен, бір баласы бар. Ол қыз жұмыстан жиі сұранатын болып кетті. Мен де ол қыздан күдіктене бастадым. Ал құрбысы оның ауырып жүргенін айтты. Өзі маған асқазанының ауырып жүргенін айтты. Уақыт өте келе әжетханаға барып қайта-қайта құсатын болды. Күдіктенуіме күйеуімнің телефонын жасырып, үйге қонбауы себеп болды. Күйеуім телефонын блогқа қойып қоятындықтан, ақтара алмадым. Одан әлгі қызбен қарым-қатынасы туралы сұрадым.

Ол «Жоқ» деп ат тонын ала қашты. Ал телефонында күдікті хаттар тұр. Құрбысы қарағандылық қыздың үйін көрсетпей қойды. Артынша жұмыста шу болды. Киім ауыстыратын жерге барып жыладым. «Мұны қайдан шығардың» деп күйеуім маған қол жұмсады. Жұмысымды жалғастырайын деп шыққан едім, әлгі қыздың құрбысы отқа май құйды. Күйеуімнің көңілдесінің аяғы ауыр екенін айта берді. Бұл туралы күйеуіме барып айттым. Ол әлгі қызды шақырып алып, оны жұмыстан шығаратынын айтты. Жаңағы қыз тыныштықпен кетпейтінін сөз етіп, жоғарыдағы бастықтарға арызданған. Бірақ кеткен соң да маған тыныштық бермеді. Кейін ол қыздың жүкті еместігін білдім. Қазір күйеуім шығып кетеді де, бірнеше күнге жоқ болып кетеді. Қайда баратынын сұрасам, жанжал шығарады. Соңғы кезде апталап келмейтін болды. Сол себепті, үйде тамақ та жасамаймын.

Күйзеліске түсіп, жылайтыным рас. Соңғы рет шу шығарғанымда, барлық киімін жинап кетіп қалды. Күйеуімнің әкесі жоқ. Қайын ағамыз келіп ортамызға түсті. Бірақ, күйеуім бәрібір менімен бірге тұрғысы келмейтінін жеткізді. Үйдің жұмысын жақсы істеймін, бірақ күйеуіме көңіл бөлмей кеткен сияқтымын. Өзім кешірім сұрап, одан үйге қайтып келуін өтіндім. Аяғына да жығылып жыладым. Ол кешірмейтінін айтып, бір теуіп кетіп қалды. Қазір арасында балаларын көруге келіп тұрады. «Қайда қонып жүрсің? Не істеп жүрсің?» дегендей сұраймын. Арамызда көп айқай болған соң, сол келіншекпен бірге тұрып жатқанын мойындады. Енем күнде хабарласып, жағдайымызды сұрап тұрады», – дейді Гүлбану Асылбекқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды

Жолдасынан ЖҚТБ жұқтырған келіншек сәбиінің аман-есен туылғанына қуанған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар