Жолдасынан ЖҚТБ жұқтырған келіншек сәбиінің аман-есен туылғанына қуанған

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 13:25

Қазақстандық келіншек ауыр індет салдарынан қиналып жүргенін айтты. Жас кезінде Әсел Мұқашева ЖҚТБ жұқтырған адамдардан қатты сақтанатын болған екен. Бүгінде ол екі баласының бұл індеттен аман-сау екендеріне қуанып жүр. Десе де, өзі әлі күнге дейін әртүрлі дәрі қабылдайды екен.

18299660_447640488905212_3143700204205637632_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдаралмасында айтылды.

29 жастағы Әсел Мұқашева ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғанын жүктілігінің сегізінші айында білген. Бастапқыда бұл індетті сәбиіне жұқтырып алудан қорыққан-ды. Десе де, келіншектің екінші перзенті аман-есен дүниеге келген. Ал осы індетті жұқтыруына себепші болған жолдасы қайтыс болып кеткен екен.

«Менің жағдайым туралы жолдасым екеуіміз ғана білеміз. Туыстарымыз бен таныстарымызға ешнәрсе айтпадық. Бұл инфекцияны осыдан 8 жыл бұрын жолдасымнан жұқтырғанымды қан талдаулары арқылы білдік. Бас кезінде мұны жолдасым біреулерден жұқтырған болуы керек. Маған ешнәрсе айтпаса да, күйеуім бұл туралы біліп жүрген. «Иә, менде осы індет бар» деп мойындады. Бірақ маған айтуға дәті бармаған екен. Екінші баланы саналы түрде босандым. Себебі, күйеуім екеуіміз өмір бойы бірге боламыз деп шешім қабылдадық, Бірақ, осыдан бес жыл бұрын ол кісі қайтыс болып кетті. Қазір екі ортақ баламызды өзім тәрбиелеп өсіріп отырмын. Өліміне жол апаты себепші болды. Басында емделмей, дәрі ішпей жүрді. Соңына қарай емделуге шешім қабылдады. Өкінішке орай, кеш болды.

Қазіргі жағдайым жақсы. Сегіз жыл ішінде денсаулығым сыр берген емес. Себебі, вирустың бар екенін біле салысымен, тұрақты түрде дәрі ішіп отырдым. Иммунитетімді түсірмеуге тырысып, әлі күресіп келе жатырмын. Дәрігер бастапқыда «Жолдасыңызда ЖҚТБ инфекциясы бар ма? Оны қаншалықты жақсы білесіз?» дегендей сұрай бастады. Әртүрлі сұрақ қойды. Сол кезде дәрігер барлығын түсіндіріп айтты. Өмірге деген құлшынысым төмендеп, өмір сүргім келмей кетті. Жас кезімде мұндай инфекция жұқтырған адамдардан алыс жүруге тырысатынбыз. Қоғам дәл осылай мені шеттетеді деген ой санама сап ете түсті. Өзімді қоғамнан тыс қалған адам сияқты сезіндім. Бұл туралы жүктілігімнің сегізінші айында білдім. Дәрігерлерге кеш барғандықтан, осылай болып отыр. Құдайға шүкір, екі баламда ЖҚТБ инфекциясы табылмады. Олардың дендері сау», – дейді Әсел ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар