Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Елімізде жыл сайын ажырасулар саны көбейіп келеді. Тіпті, қазақстандық жұптар ажырасу жағынан әлемдік ондыққа кіреді екен. Осы орайда, Наурыз бен Назымгүл есімді ерлі-зайыпты тікелей эфирде өздерінің қиындықтарын қалай шешетіндерін айтып берді.

000

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Құлданов Наурыз бен жұбайы Назымгүл 4 жыл бойы дос болған. Алғашқысының 4 жыл жүрген қызы, екіншісінің бір жарым жыл көңіл қосқан жігіті болған. Айтуларынша, келісіммен жүріп, келісіммен үйленген. Қос ғашық алғашқы махаббатарымен не себепті ажырасып кеткендерін айтып берді. «Мен жас болып, бір жарым жыл жүрген жігітімді жалықтырып алдым. Көңілім Наурызға бірден ауып кетті деп айта алмаймын. Жігіт-қыз болып жүрмес бұрын төрт жыл дос болдық. Жүргеннің өзінде достығымыз бірден сезімге ұласты деп айта алмаймын», – дейді Назымгүл.

Ал Наурыз мырзаның төрт жыл бірге жүрген сүйіктісімен айырылысуына сенімсіздік себепші болған екен. «Ол сүйіктіммен қарым-қатынасты үзуіме сенімсіздік итермеледі. Назымгүлмен кездескен кезде «Екі жас бір-біріне сенім арта білуі керек» деп бірден айтқан болатынмын. Ол қызға болашақ жарым, балаларымның анасы ретінде сенім арта алмағандықтан айырылысып кеттік. Бұл бір күннің ішінде қабылданған шешім емес. Махаббат есепке ғана құрылуы керек. Мысалы, мен Назымгүлге сенім артпасам, маған жар бола алады, маған салиқалы ұрпақ сыйлай алады деп сенім артпасам, мен оны неге жақсы көруім керек деп қалыптасқан ой бар», – дейді Наурыз мырза.

Ал психолог маман Марал Сарбасқызы өз кезегінде олардың арасында сезім барын айтты. «Бұл жерде есеп жоқ, екеуі бір-бірін жан-дүниесі мен көзқарасына сай келуіне байланысты таңдап отыр. Екеуінің ортасында сезім бар. Ер-азамат қанша сүйсе де, әйелге өзінің махаббатын іс-әрекетпен көрсетеді. Ал әйел адам оны вербалды түрде сөзбен айтса екен деп армандайды. «Мен сені сүйемін», «мен сені қалаймын» деген сынды сөздерді естігісі келіп тұрады. Ал ер-азамат мұны керісінше жасайды. Сол себепті, кейде әйелдер «мені ер-азаматым сүймейді екен» деп ойлап қалып жатады. Бұл қате. Бірінші, ер-азаматыңыздың іс-әрекетіне қараңыз. Екіншіден, әйел адам үнемі эмоциясын бергісі келеді және алғысы келеді. Ер-азамат пен әйелдің сөзі мен ісі басқаша болуы мүмкін», – дейді Марал Сарбасқызы.

Назымгүл ханым күйеуінің өзіне тым жоғары талап қоятынын айтып өтті. Десе де, сүйіктісінің бұл әрекеті үшін ренжімейді екен. «Күйгелек, тынымсыз және өте талапшыл. Кейде «Сенің талаптарыңа сай келуі үшін екі-үш әйел алу керек шығар» деп айтамын. Себебі, мен көп жағдайда үй шаруасына үлгермеймін. Бірақ әйел адам айта береді ғой. Бір шетінен менің жақсы болғанымды қалағандықтан, жоғары талаптар қоятын шығар. Маған «Әжем түнде барлығын істеп қойып, кейін ғана ұйықтайтын. Ұйықтамай қалса да, таңертең барлығының жайнап тұруы үшін барлығын жасайтын» деп айтып отырады. Өзі жалақысын үнемі үйге әкеледі. Яғни өзіне тиесілі жұмыстарды мен айтқызбай-ақ орындайды. Негізінде жақсы күйеу», – дейді Назымгүл ханым.

Ал Наурыз мырза өз кезегінде келіншегінің әжесіне ұқсағанын қалайтынын жасырмады. Туған анасы да өте талапшыл адам болған екен. «Менің анам да талапшыл адам болған. Өзім әжемнің қолында өскенмін. Назымгүлдің сол әжеме ұқсағанын қалаймын. Ол уақытта қазіргідегідей техника болмаса да, әжем барлығына үлгеретін. Мұны жай ғана ұрыссыз талап етемін», – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Намазхан жігіт бала күнінде зорланған әйелін жүктілігіне қарамастан қуып жіберген

Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр

Талқылау