Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр

Жұма, 28 Сәуір , 2017 13:44

17 жастағы Мақпал Өскенбаева (есімі өзгертілді) үш жыл бұрын басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Оны көрші ауылдың баласы зорлаған екен. Ол бұл оқиға туралы әлі күнге дейін ешкімге айтпаған.

162

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«14 жасымда басымнан қайғылы оқиға өтті. Әдетте ауылда ешкімнен қорықпай түнге дейін жүре беретінмін. Сол түні көрші ауылдың балалары ішкен екен. 17 жастағы жігіт жалғыз қалып қойғанымды пайдаланып, маған тиісе бастады. Көрші ауылдың баласы болғандықтан, оны жақсы танымаймын. Бастапқыда өзімді қолға ала алмадым. Жағдайым нашарлап кетті. Жарты жылдан кейін денсаулығым сыр бере бастады. Үш жылдан бері дәрігерлер маған «неврология» деген диагноз қойып келеді. Күні-түні жылай беретін болдым. Бұл жағдай туралы ата-анама айтқан емеспін. Зорланбас бұрын жол апатына түскен болатынмын. Көбісі соның салдары болып жатқан шығар деп ойлайды», – дейді Мақпал Өскенбаева.

Психолог маман Венера Тельжанқызы өз кезегінде Мақпал ханымға міндетті түрде мамандарға жүгінуге кеңес берді. Өзімен байланысқа шығуды ұсынды.

«Сізде терең психотравма бар. Онымен міндетті түрде жұмыс істеу керек. Жай қалдыруға болмайды. Өйткені сіздің жүйке жүйеңіз әлсіреп кеткен. Одан кейін бас ауруына шалдығуларыңыз мүмкін. Ары қарай терең кете берсеңіз, психологиялық ауытқулар өте көп. Сол себепті міндетті түрде жұмыс істеу керек. Мүмкіндік болса, скайп арқылы менімен хабарласуыңызды өтінемін. Сіздің бүкіл өміріңіз алда», – дейді Венара ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді

Әпкесінің сыныптасы мен туған ағасы зорламақ болған әйел бала күнгі мұңды естелігін бөлісті

Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар