Әпкесінің сыныптасы мен туған ағасы зорламақ болған әйел бала күнгі мұңды естелігін бөлісті

Бейсенбі, 27 Сәуір , 2017 14:11

Маржан Бақбергенқызы бала күнгі оқиғасын бөлісті. Оны әпкесінің сыныптасы мен өзінің туған ағасы зорламақ болған екен. Осы орайда, қазақстандық келіншек қыз бала тәрбиелеп отырғандарға абай болуға кеңес берді.

17110868

Бұл туралы “Әйел бақыты” парақшасында жазылды.

“Бала күнімде ауылда тұрғанымыз есімде. Кешкі мезгілде дүкеннен келе жаттым. Бір кезде әпкемнің сыныптасының үйінің есігі ашылып, біреу мені ішке қарай шақырды. Күлімсіреп бардым. Шақырған әпкемнің сыныптас досы екен. “Үйге жүр. Сен арқылы Әминаға касета беріп жіберейін. Диванға жайғас” деді. Өзі касеталар қарап жатты. Бір кезде жатқызып, үстіме мінді. Киімімді шешіп, денемнің төменгі бөлігіне жыныс мүшесін тыққылай бастады. Шыңғырып жыладым.

Ешкім көмекке келмеді. Толық кірбізбей, жыныс мүшелерімізді сүйкеу арқылы өзін қанағаттандырды. “Осы туралы біреуге айтсаң, ұстап алып тағы да солай жасаймын” деді. Қорқып ешкімге айтпадым. Осы оқиғадан кейін мінезім қатты өзгерді. Ашуланшақ болып кеттім. Ол жігіттің не істегісі келгенін өсе келе түсіндім. Әпкемнің сыныптасы ол уақытта 20 жаста еді. Ата-аналар қыз балаларыңызға абай болыңыздар! Мұндай оңбағандар кеңес кезеңінде болған. Қазір олар тым көп. Мұнымен қатар, ұл-қыздарды бір бөлмеге жатқызбауларыңызды сұраймын.

Менің жасым 10-11-де, ағам 13-14 жаста болды. Екеуіміз бала күнімізден бір бөлмеде ұйықтадық. Туған ағам уақыт өте келе маған тиісе бастады. Мен қорыққаннан көрпеге оранып алып, өтірік естімегендей ұйықтап қалатынмын. “Бір рет жасап көрейік. Жатасың ба? Жатпайсың ба?” деп ұрысатын. Мен “Жоқ” деп бөлмеге кірмей қашып жүретінмін. Содан анама ол бөлмеде жатқым келмейтінін айттым. Далада ойнап жүрсек те, өтірік үстіме құлағандай болып жатып алатын. Осылайша ағама жоламай қойдым. Бірақ бұл оқиға осыдан кейін қайталанған емес. Сол үшін шүкіршілік етемін. Әрине, мұндай жаман күндер артта қалды. Қыз бала тәрбиелеп отырғандар абай болыңыздар”, – дейді Маржан Бақбергенқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым

Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады

Қазақстандық әйел азаматтық некеде бірге тұрған моңғолиялыққа қызын мойындата алмай жүр

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар