Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады

Бейсенбі, 27 Сәуір , 2017 10:56

Эльвира Есқараеваның бүгінде үш баласы бар. Алғашқы перзенті белгісіз себептермен мерзімінен ерте туған. Бір жасында сәбидің сал ауруына шалдыққаны анықталған. Бүгінде келіншек тұңғышымен еркін көшеде жүре алмайтынын айтып жылады.

всу

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Балам үш жарым жаста. Есімі – Кәусар. Бұдан кейін екі ұлым бар. Кішісі – сегіз айлық. Қызым сал және талма ауруларына шалдыққан. Қалған екі баламның жағдайы жақсы. Тұңғышым жеті айлығында дүниеге келген болатын. Дәрігерлер оның миына қан құйылғанын айтты. Басындағы ісігі оның толық жетілуіне кедергісін келтіріп жатыр. Бастапқыда қызымның аурушаң екенін мойындағым келмеді. Қызым бір жасқа келген кезде дәрігерлер басында су бар екенін айтты.

Сол кезден бастап емдеу жұмыстарын бастап кеттік. Бір жарым жасқа келген кезде мүлдем қозғала алмай қалды. Қазір жекеменшік клиникада инемен ем алып жатырмыз. Массаждардың арқасында екі жастан бастап еңбектеді. Қызыммен бір жерге бара алмаймын. Үйден шығарда “Мені барған жерім қалай қабылдайды?” деген ой тұрады. Олар “Осындай баласы бар екен. Неге үйде отырмайды екен?!” деп айтулары мүмкін. Басқалар баламды мазақтап, итеріп жібереді.

Өзім қазір үйде әліппе оқытып жатырмын. Үнемі қасында жүремін. Ешкімге сеніп тапсыра алмаймын. Өмірім осы үш баланың арасында өтіп жатыр. Екінші баламды балабақшаға бергім келеді. Бірақ оны апарып, алып келетін адам жоқ. Әкесінің жұмыстан қолы босамайды. Ал қызымды балабақшаға қабылдамай жатыр. Өзім де оны басқа жерде қалдыруға қорқамын”, – дейді Эльвира ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел азаматтық некеде бірге тұрған моңғолиялыққа қызын мойындата алмай жүр

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар