Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлсай көлдері" және "Шарын" ұлттық парктерінің басшыларына сөгіс жарияланды

"Көлсай көлдері" және "Шарын" ұлттық парктерінің басшыларына сөгіс жарияланды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шарын Көлсай

"Мәселен, өткен аптада әлеуметтік желілерде туристердің бірі ұлттық паркте олардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмағаны, қызмет көрсетілмегендігі және түбіртек берілмегендігі туралы шағымданған болатын. Біз дереу тиісті шараларды қабылдадық. "Көлсай көлдері" және "Шарын" ұлттық парктерінің басшыларына табиғи аумақтағы бірқатар заңбұзушылықтарға әкелген қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс жарияланды", - деп жазды министр.

Осыған байланысты министрлік Қазақстандағы ұлттық парктер қызметіндегі фактілер туралы жедел желі ұйымдастыру туралы шешімге келген. Бұл нөмірге әрбір азамат ұлттық парктердегі заңбұзушылықтар жөнінде хабардар ете алады.

"Оның ішінде, заңсыз ағаш кесу, балық аулау, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, саябақ қызметкерлерінің жұмысындағы кемшіліктер және басқа да заңбұзушылықтар туралы фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы тікелей хабар беруге болады", - деп қосты Мырзағалиев. 

Жедел желі нөмірі: +77776785252.

Айта кетейік, "Көлсай көлдері" туристік орны карантин аяқталғанша жабылған еді. 


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 12:01
Талқылау