Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолына қару ұстап, "Астана біздікі" деп ұрандатқан жігіт сотталды

"Астана біздікі" деп ұрандатқан жігіт сотталды. Онсыз да пробациялық бақылауда жүрген ол, енді өмірінің алдағы екі жылын түрмеде өткізеді.

 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Анау - мынау емес, ең қатаң режимдегі абақтыда отырады. Бірақ 24 жастағы айыпталушы әлеуметтік желіге тараған атақты видео үшін емес, басқа әрекеті үшін сотталыпты. Ол тағы не бүлдірген?

Қос қолына қару ұстаған бейнежазбадағы жігіт сотта қатты қобалжыды. Пробация қызметкерлері оның 2017-де бес жылға сотталғанын, бірақ, мерзімінен бұрын босатылғанын есіне салды. Жібергенде де мемлекет 24 жастағы айыпталушыға: «кешқұрым көшеге шықпа, қылмыс жасама, ай сайын келіп тұр» деп жіберіпті. Алайда, ол атышулы бейнежазбаға түсіп, кезекті айда полицияға бармаған. Бұған сылтауы дайын екен .

«Хабарлама берем деп отырған едім. Ертең отметкаға барам деген күні телефоным бұзылып қалды. Үйдегі кішкентай балалар суға тастап жіберген», - деді.

Судъя Бағлан Идрисов 24 жастағы айыпталушыға «менің алдыма» сені атышулы бейнежазбаң емес, пробациялық ережені бұзғаның үшін әкелді деп түсіндірді. Сотталушы барлығын түсінем деді. Тіпті, соттан кешірім сұрады.

«Кешірім сұраймын соттан. Шектеу жазасымен қалдыруларыңызды сұраймын. Шектеу жазасымен қалдыруларыңызды сұраймын».
Айыпталушыны мемлекеттік қорғаушы ақтап шығаруға тырысты. Ол пробациялық қызметтің олқылығын да сот отырысында бетке басты.  

«Іс құжаттарында түнде сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты орнынан шығуға болмайды деген жазбаша түрдегі, нақты болмағаны бір себеп. Неге? Ауызша айтқанымен, жазбаша көрсетпеген», - деді Есболат Испенбетов.

Дегенмен, Байқоңыр ауданының №2 сотының судъясы Бағлан Идрисов 24 жастағы жігіт барлығын білген, мемлекет толықтай ескерткен деп шешті. Сөйтті де 2 жыл, 3 ай, 7 күнге бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, бұл 2017 жылы дәл осыншама мерзім өтелмей қалған еді. Сот сол уақытта бүгін оның алдына қайтарды.

«Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты 2017 жылғы 7 маусымдағы үкімім ен Ахметжанов тағайындалған бас бостандығын шектеу өтелмеген бөлігі 2 жыл 3 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасынан нақ сол мерзіміне ауыстырылсын. Сотталған Ахметжановтың жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесі белгіленсін. Қаулы заңды күшіне енгеннен бастап сотталған Ахметжановқа бұлтартпау шарасы қамаққа алу түрі қабылдансын», - деді судья.

Бізбен тілдескен сотталушы қасындағы қос досына еш жаза қолданылмағанын айтты. Сондай-ақ, ол бейнежазбадағы қару тек ойыншық болғанын тілге тиек етті. Айта кетейік, азамат алдағы екі жылдан артық уақытын ең қатал жүйелі темір тордың ар жағында өткізбек.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...