"Артқы бампері құлап, ұшқын шығарып келе жатты". Алматыда мас көлік жүргізушісі төрт көлікпен соқтығысты
Алматыда мас жүргізуші үлкен жол апатына себепкер болып, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ПД баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Көліктің артқы бампері құлап, ұшқын шығарып келе жатқанын көруге болады.
Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды. Кадрларда көлік жүргізушісі апаттан кейін бірден жоғалып кеткенін көруге болады.
Алматы полициясы бұл жол апаты өткен түнде Рысқұлов даңғылында болғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта аталған фактіні Алатау аудандық полиция басқармасы тергеуде. Авто арнайы айып тұрағына қамалды.
Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Рысқұлов көшесімен шығып кеткен дөңгелегімен келе жатып, төрт көлікпен соқтығысып, жол көлік оқиғасы болған жерден ізін суытқан.
- Жүргізуші жүк көлігінен секіріп кеткен: Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)
- "Қайтыс болар алдында анасымен сөйлесіп тұрған": Алматыда 14 жастағы жеткіншекті көлік қағып кетті
Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті ұсталды, оның мас күйде болғаны анықталды. Көлік жүргізу куәлігінен айырылды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
