Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктегі барлық жолаушы қаза тапты: "Қордай-Алматы" тас жолында жүргізуші ұйықтап кетіп, жол апатына ұшырады

21 маусым күні таңғы сағат 06:00 шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 км қашықтықта "Қордай-Алматы" тас жолында жол апаты болды. Салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жол апаты

"Мерседес Бенц Е200" маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, алдында кетіп бара жатқан "Мерседес Бенц 814" маркалы жүк көлігінің артына соғылған. 

Жеңіл автокөлігіндегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші Қордай ауданындағы орталық ауруханасына жеткізілді. 

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Талқылау