Көлігінен өлі қарақұйрық табылды: Түркістан облысында табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды
Түркістан облысында табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оңтүстікте жануарларды қорғауы тиіс инспектор жұмыс уақытында аң атып жүрген жерінен ұсталды. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның қызметкері Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған.
Полицейлер формадағы инспектор мен жанындағы екі серігін саят құрып жүрген жерінен қолға түсірді.
"Мемлекеттік инспектор. Жоқ, мені танитын шығарсыз? Жоқ, беймарал аша бер, аша бер", - дейді ол.
Шардара ауданындағы рейд кезінде полицейлер күдік тудырған "Нива" мен "Уаз" көлігіне тоқтауды бұйырады. Алайда күдіктілер қаша жөнелгенде көліктің дөңгелегінен атып тоқтатқан.
- Нұр-Сұлтанда үйсіз жануарларға арналған оқшаулау орнында зорланған иттер табылды
- Иесі көліктің артына байлап сүйреген: Атыраулық ит Алматыға жіберілетін болды
Тінту кезінде машинаның бірінен үш аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, ал екіншісінен Қызыл кітапқа енген қарақұйрық тәркіленді. Таңғы сағат төрт жарымда ұсталған браконьерлер өлексені «жолдан тауып алдық» деп ақталыпты. Шымкент, Арыс пен Бәйдібек аудандарының үш тұрғыны енді заң алдында жауап береді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
