Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қол кептіретін аппаратына дейін ішінде": Ирина Қайратовнаның әншісі шетелдегі әжетханаларды мақтады

Музыканттар жаңа жылға дейін Еуропаны бағындырып, елге оралмақ. Тур барысында “Ирина Кайратовна” HIRO және DJ Puza-мен бірге ән салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Чехия астанасы Прагаға дейін музыканттар Берлин мен Варшавада ән айтқан. Ендігі кезек – Париж, Италия, Швейцария. Қараша айында "Ирина Кайратовна" тобы ыстамбұлдық жанкүйерлерге әннен шашу шашады. 

Өнерлі топ өкілдері мемлекет арасына автобуспен, кейде пойызбен қатынап жүр. Топ солисі Алдияр Жапарханов Италия мен Швейцария арасында болған қызық жағдаймен бөлісті. 

“Артымызда – Альпі таулары. Дәл қазір Италия мен Щвейцарияның ортасында тұрмыз. Айтайын дегенім, бұл жақтың әсем табиғаты емес. Өйткені оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Келіп көріңіздер. Бізді таңғалдырып тұрғаны – екі мемлекет арасындағы жолда тұрған әжетханалар. Бұл жерде қажет заттардың бәрі бар. Тіпті қол кептіретін аппаратына дейін ішінде және ол жұмыс істеп тұр. Мүлдем жағымсыз иіс жоқ”, – деп таңғалғанынан басын шайқады әнші. 

Видеоның астына желі қолданушылары жарыса пікір жазып жатыр. “Біздікімен салыстыруға мүлдем келмейді”, “Асхананың қасындағы әжетханаға отыра да алмайсың. Есігінің ілгегі жоқ. Әбден шіріп, тозып біткен қаңылтыр. Төбесі жоқ”, деп жұрт көрген-білгенін жазып жатыр.

“Мәселе бай мемлекетте емес, менталитетте”, – деп түсіндіреді әншінің өзі. 

 

Талқылау