Басты жаңалықтар
Көкшетаудағы зираттан жасырылған атыс қарулары табылды
Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ-нің мәліметінше, орыннан "НЦ-12" маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, "Сайга-410" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді.
Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді. Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.
Қаруды жоғалту немесе ұрлау иесін әртүрлі жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарлау қажет.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған