Көкшетауда жоғары шенді полицейлер ұсталды
10 сәуір күні Көкшетауда ҰҚК полициямен бірлесіп, Ақмола облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі мен басқарма басшысын ұстады. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған адамдар қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Тергеу кезінде іске қатысы бар ақшалай мүлік тәркіленді. Ұсталғандар қамауға алынды.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 2-1 бөлімі және 362-баптың 3-бөлімі, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз"-дың басшысы болып тағайындалды
Талқылау
Пікір