Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда полицей қыз жалғыз өзі қылмыскерді ұстады

Көкшетаудан келген полицей қыз қылмыскердің жолын кесті. Өздеріңіз білетіндей полиция қызметкерінің жұмысы заң талаптарына сәйкес жүзеге асады.

Көкшетауда полицей қыз жалғыз өзі қылмыскерді  ұстап, қылмыстың жолын кесті

Көкшетау қаласының полиция лейтенанты Жазира Бегайдарова мамырдың 21-і күні ерлік көрсетті. Куәгерлердің айтуынша, кешкі уақытта полицей қыз аулада өзгенің көлігін ұрлап айдамақ болған ер адамды ұстады. 

Ер адам мас күйінде өзгенің көлігінің есігін кілтпен ашуға талпынған. Полицей оған бөгет болғанда көліктің өзінікі екенін айтқан. Алайда полицей көлік иесін танитындықтан қылмысқа жол бермеді. Өзіне күш көрсеткен ер адамнан корғанып, қарсылық танытты. Өзге полицейлер келгенше қылмыскерді оқиға орнынан жіберген жоқ. 

Бұл уақытты аулада куәгерлер болған. Бірақ ешбірі көрмегенсіп Жазира Бегайдароваға көмектеспеген. 

Жазира нәзік қыз болып көрінсе де, өзін-өзі қорғау және жауынгерлік техниканың жетілдірілу негіздерін игерген. 26 жаста. Заң саласында жоғары білімі бар.

Қазіргі уақытта аға лейтенант абақтыдағы сотталушылармен жұмыс істейді. Оларды бостандықта өмір сүруге дайындайды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр