Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деп күдікпен әйел кісіні қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz порталына сілтеме жасай отырып. 

кісен

19 сәуірде қалалық полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері марқұмның тұрғылықты жеріне барған кезде 45 жастағы ер адамның денесін тапты. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Тергеу-жедел іс-шаралар барысында жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салды деген күдік бойынша жәбірленушінің азаматтық некедегі әйелі ұсталды.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың пәтерде жалғыз қалғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталды. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмған.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі –  "Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленіп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың жеке басын сипаттайтын материалдар жиналады.

 

Талқылау