Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көк-Төбеге барар жолдағы ағаштар кесіліп жатыр: Алматылықтар наразылық білдірді

Алматылықтар Көк-Төбеге шығатын жолда ағаштар кесіліп жатанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Әлеуметтік желіде ағаштардың кесіліп жатқан видеосы пайда болды. Кадрлардан бірнеше адамның бульдозерге кесілген бөренелерді жинап жатқанын көруге болады. Әкімдік ағаштарды кесудің заңсыз екенін айтты. 

"Көк-Төбеге барар жолда ағаштарды рұқсатсыз кесуі мүмкін, біз қызығушылық таныта бастағанда, көлік тез кетіп қалды", - деп жазды желідегілер.


"Үйіме апарып, от жағамын: Алматыда ер адам саябақтағы орындықтың ағаштарын ұрлаған


Алматы әкімдігі олардың ағаш кесуге рұқсат бермегенін айтты.

"Жасыл экономика бөліміне ағаш кесуге өтініш түскен жоқ, сәйкесінше рұқсат берілмеген", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында ағаштардың кесілуіне наразы болған.

STAN.KZ
Жұма, 22 Қаңтар, 2021 16:00
Талқылау