Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көк көзді бала ұят: Ер адам опасыздық жасадың деп әйелі мен ұлын пышақтап тастады

Иркутск тұрғыны әйелі мен ұлын бауыздап тастады. Ол әйелін опасыздық жасап, өзгеден бала туды деп айыптаған.

Әйелі ажырасуға арыз бермек болған, алайда күйеуі баласын алып алам деп қорқытқан.

15 тамызда оқиғаға қатысты сот басталды. Әйел адамның денесінен 69 пышақ ізі мен сәбидің денесінде 20 пышақ ізі болды. Ер адамның өзін саяжайда ұстады. Ол ісін мойындап, оған әйелінің опасыздығы себеп екенін айтқан.

Ер адамның айтуынша, отбасылық мереке кезінде әйеліне бейтаныс азамат хабарласқан. Ол қызғаныштан пышақ ала жүгіреді.

«Қызым күйеуі ұрып-соқса да үнемі кешіре беретін», – дейді анасы.

Әйелдің анасының айтуынша, ер адам ұлының көз көзді болғанын ұят санаған. Иркутскке Файсетдин Хабибулоев 2014 жылы көшіп келген. Ол құрылысты жүріп, орыс тілін үйренеді. Достары арқылы әйелімен танысады. Бір жылдан соң үйленіп, балалы блады.

Хабибулоевқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін. Келесі сот отырысы 20 тамызда өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау