Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызмет үшін 30 сотық жер телімі": Адвокат Мәнізоровтың видеосына қатысты түсініктеме берді (видео)

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың қатысуымен түскен видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Видеода шенеуніктің «Қызмет үшін 30 сотық жер телімі» деген сөздері естіледі. 

Мәнізоровтің қорғаушысы Алмас Демесіновтың айтуынша, бұл видеоға монтаж жасалған. Сөзінше, Бағдат Мәнізоровтің сөздері оның әңгімесінің әрбір жерінен алынып қосылған. Сонымен қатар, заңгер қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы қоғам санасын улау жағдайлары жиілеп кеткенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны расталды.

Артынша Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Талқылау