Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында бір үйде газ баллоны жарылып, 4 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, төрт адам қаза тапты.

өрт

Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, 15 наурызда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде бір қабатты жеке тұрғын үйде көлемі 27 литр болатын газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласты.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен үйінділерден 4 мәйіт шығарылды: 1981 жылы туған үй иесі, 2000 жылы туған қыз, 2001 жылы туған көршісі және 1999 жылы туған үй иесінің туысы.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 1950 жылы туған көршіні үйден шығарып, көршілері ауруханаға жеткізген.

Өткен аптада Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды.

Еске салсақ, 19 ақпанда Жамбыл облысында, Жаңатас қаласында бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапты. Кейін білгілі болғандай балалар сіріңкемен ойнаған көрінеді. Одан кейін Түркістан облысында анасы мен оның төрт  баласының көз жұмғаны айтылған еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Наурыз, 2021 16:54
Талқылау