Қызылорда облысында АН-2 ұшағы қону кезінде өртеніп кетті
Қызылорда облысында АН-2 ұшағы қону кезінде өртеніп кеткен. Бұл жөнінде Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін сағат 12:30-да Арал қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде "Тараз Жаңа әлем" жеке әуе компаниясының Ан-2 ұшағы өртенді. Ұшақ Қызылорда – Арал бағыты бойынша жедел жәрдем TJA5217 рейсін орындаған", - делінген департамент мәлімдемесінде.
Мәліметке сүйенсек, ұшақ бортында 2 экипаж мүшесі мен 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.
- Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағын тергеу жұмыстары аяқталды
- Ион теңізінде жолаушылар мінген кеме отқа оранды (видео)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе апаттары мен оқыс оқиғаларын тергеу департаменті тексеру жүргізеді.
АН-2 (ел арасында "кукурузник" аталып кеткен) кеңес дәуірінен келе жатқан көп мақсатта қолданылатын ұшақ. Бұл тірек қанаты бар поршенді бір қозғалтқышты биплан. Ол ауылшаруашылық, спорт, көлік, оқу мен жолаушылар ұшағы ретінде пайдаланылады және көптеген елдердің әуе күштерімен қызмет етеді.
Еске салайық, 2020 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысында "Тараз Жаңа әлем" әуе компаниясының Ан-2 ұшағы өртенген еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
