Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ұшақ өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысында ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті.

"Бүгін сағат 15:31-де "Тараз Жаңа Әлем" авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 рейсін орындады. Ұшақ 15: 25-те қонды. Өрт болған кезде әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының тергеуі басталды", - делінген ресми хабарламада.

 

Талқылау